Спорт

Қазақстандық балуандар Азия U20 чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Таиландта өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.

1 шілде 2026 · 18:51·Оқу: 1 мин

Қазақстандық балуандар Азия U20 чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 шілде 2026

77 кг салмақ дәрежесінде Бакдаулет Тұрсынбек күміс медаль алды. Финалда ол Өзбекстаннан келген балуан Оғабек Асқаралиевке жеңілді.

Екінші күміс медальді командаға Әлихан Тағаев әкелді. 87 кг салмақ дәрежесінің финалында ол Қырғызстаннан келген Мүсілім Мамыровқа жеңілді.

55 кг салмақ дәрежесінде Амирмұхаммед Қабулов қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол қырғызстандық Құрманбек Әлімжановты жеңді.

Пікірлер