Джакартада U19 санатындағы Азия бокс чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальдар
Бибарыс Аширбай 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жапондық Кунимицу Хондзёді жеңді. Владислав Саможонов 90 кг-дан жоғары санатта финалда өзбекстандық Ислам Салиховты жеңіп, алтын алды.
Күміс медальдар
Адиль Асканбай 50 кг-ға дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Уткизбек Нозкосимовқа есе жіберді. Ақжүрек Калабай 65 кг-ға дейінгі салмақта финалда оңтүстіккореялық Кан Дэхоға жеңілді. Тимур Тайбеков 80 кг-ға дейінгі санатта өзбекстандық Аброрбек Шариповқа есе жіберді. Руслан Ахметов 85 кг-ға дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Сардорбек Бахромхужаевқа жеңілді.
Қола медальдар
Қоланы Мадира Жумакан (48 кг-ға дейін), Едіге Нургожа (55 кг-ға дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг-ға дейін), Айсұлу Мұхит (65 кг-ға дейін) және Жалғас Өтебеков (90 кг-ға дейін) жеңіп алды.