Ең үлкен үлес аортокоронарлық шунттау (46,1%), жүре пайда болған жүрек ақауларына операциялар (22,7%) және туа біткен ақауларға операциялар (13,1%) құрады.
Ел кардиохирургиядағы ең жоғары нәтижелері бар 30 мемлекеттің қатарына енді. Бүгінгі таңда отандық кардиологияда ашық жүрек операциялары мен эндоваскулярлық араласуларды қоса алғанда, 80-ден астам жоғары технологиялық процедура түрлері қолжетімді.
Мерейтойлық трансплантация
2025 жылы елде 100-ші жүрек трансплантациясы жасалды.
Аурушаңдықтың төмендеуі
Соңғы бес жылда қан айналымы жүйесі ауруларының аурушаңдығы 15%-ға, олардан болатын өлім-жітім 35,1%-ға төмендеді.
2026 жылдың алғашқы бес айында оң динамика сақталуда: қан айналымы жүйесі ауруларының аурушаңдығы 6,6%-ға, артериялық гипертензия 9,7%-ға, жүректің ишемиялық ауруы 10,1%-ға, жедел миокард инфаркті 5,7%-ға, ал инсульттер 6,1%-ға азайды.
Денсаулық сақтау министрлігінде мұндай нәтижелерге инсульттік және кардиологиялық орталықтар желісін дамыту, жоғары технологиялық көмекті кеңейту, заманауи хаттамаларды енгізу, жедел жәрдемді жетілдіру, профилактикалық тексерулер және дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру арқасында қол жеткізілгені атап өтіледі.