Қала әділет департаментінде қазір заңсыз құрылыстарды толық немесе ішінара бұзу туралы 74 сот шешімі орындалуда.
Тексеру нәтижесінде 383,9 млн теңге айыппұл салынды және бұзушылықтарды жою туралы 432 нұсқама берілді.
Сапасыз құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін 43 ұйым жауапқа тартылды. Тағы 40 ұйым мен техникалық қадағалау мамандары тиісті емес құрылыс бақылауы үшін жазаланды.
Сонымен қатар, 148 жобалау ұйымы 32,4 млн теңге айыппұл алды.
Бұған дейін Бегалина көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз екі қабатты қосымша және үстеме салынған құрылыс бұзылды.