Мемлекет басшысы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның бірінші кезеңінің сәтті аяқталғанын атап өтті. 2023 жылдан бастап елде 655 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды.
Ағымдағы жылы 32 аудандық аурухананы жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда. Бұл азаматтарға сапалы медициналық көмекке қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Астанада және өңірлерде жаңа мамандандырылған ғылыми институттардың, көпсалалы ауруханалардың, заманауи емханалардың және перинаталдық орталықтардың пайдалануға берілуі жалғасуда.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында жұмыстың үлкен көлемі сақталуда. 14 мыңнан астам нысан нормативтік пайдалану мерзімі өткеннен кейін де пайдаланылуда.