Қоғам

Ырғыз-Торғай резерваты

2007 жылы бұрын болған Торғай қаумалының негізінде құрылған бұл резерват бүгінгі күнге дейін ең үлкен ерекше қорғалатын аумақтардың бірі болып табылады…

20 қаңтар 2015 · 19:01·Оқу: 3 мин

Ырғыз-Торғай резерваты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·20 қаңтар 2015

2007 жылы бұрын болған Торғай қаумалының негізінде құрылған бұл 09062008_25резерват бүгінгі күнге дейін Қазақстан аумағында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең үлкендерінің бірі болып табылады, ол 763 мың гектар аумақты алып жатыр. Басымдыққа бетпақдала ақбөкен (Saiga tatarica) популяциясын қорғау мен қалпына келтіру, сондай-ақ оның аумағында сақталған су-батпақты алқаптарды, дала және шөлейт ландшафттарды сақтау жатады; олардың бірегейлігі — іс жүзінде қол тимеген күйде сақталуында.

Су-батпақты алқаптар жыл құсы — су құстарының мекендеу және ұя салу орны болып табылады, мұнда олардың 250-ге жуық түрі саналады. Ал қамыс арасында жабайы шошқаны немесе ондатраны оңай кездестіруге болады. Резерват шегіндегі демалыстың қызықты түрі — Ырғыз өзенімен біріктірілген Малайдар көлдерінің жүйесі бойынша қайықпен саяхаттау.

Пікірлер