Қоғам

Қызылорда облысының көрнекті жерлері

Қаланың тарихы Қоқан хандығына барып тіреледі. Қаланы 1817 жылы Омар хан бекініс ретінде негіздеген. Бекініс ақ кірпіштен салынған,…

20 қаңтар 2015 · 19:27·Оқу: 3 мин

Қызылорда облысының көрнекті жерлері
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·20 қаңтар 2015

Қаланың тарихы Қоқан хандығынан бастау алады. Қаланы 0_5_Bolshoi_Aral1817 жылы Омар хан бекініс ретінде салдырған. Бекініс ақ кірпіштен салынған, бұл оны мешітке ұқсатқан, сондықтан ол Ақмешіт деп аталды.

Кеңес заманында 1925 жылдан 1991 жылға дейін қала ресми түрде Қызылорда (Қызыл Ставка) деп аталды. 1925-1927 жылдар аралығында Қызылорда Қазақ АКСР-нің астанасы болды.

Бүгінде Қызылорда қаласы Қызылорда облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Қала Сырдария өзенінің оң жағалауында, республика астанасы Астанадан оңтүстік-батысқа қарай 830 км жерде орналасқан. 2009 жылы қалаға негізі қаланғанына 190 жыл және Қызылорда облысы құрылғанына 70 жыл толды.

Соңғы жылдары қаланың сәулеттік келбеті қатты өзгерді. Қызылорданың көрнекті жерлеріне айналған ғимараттар мен құрылыстар салынды: аквапарк, әуежай ғимараты, Қорқыт Ата ескерткіш-кешені, өкілдік үй, кеме айлағы. Қаладағы көптеген ғимарат қайта жаңартылып, бүгінде туристер үшін қызығушылық тудырады.

Қаланың көрнекті жерлерінің ішінен Сырдария жағасында орналасқан, Қазақстанның ойшылы, философы, ақыны және композиторы құрметіне қойылған Қорқыт Ата ескерткішін атап өтуге болады. Ескерткіштің жалпы биіктігі 15 метр. Дәл осы жерде 3 бассейн мен көптеген аттракционнан тұратын аквапарк бар.

1939 жылы негізі қаланған Қызылорданың тарихи-өлкетану мұражайы Қызылорданың сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылатын ғимаратта орналасқан. Мұражай экспозицияларының ішінде ең құнды болып саналатындар: батырдың сауыты, Ақмешіт бекінісін алу кезінде қолданылған зеңбірек оқпандары, Ұлы Жібек жолының сауда нүктелерінде айналымда болған монеталар жинағы.

Ең көне сәулет құрылыстарының ішінен Айтбай мешіті ерекшеленеді. Қызылорда облысының аумағында «Барсакелмес» мемлекеттік қорығы орналасқан.

Саяхатыңыз үшін Қызылорда облысын таңдай отырып, сіз көне заманға бойлап, қаланың өзінде заманауи жайлылықтан ләззат ала аласыз — бәрі сіздің қалауыңызға байланысты.

Пікірлер