Азаматтар eGov.kz порталы арқылы өз бетінше келісім бере алады немесе бас тарту рәсімдей алады. Қазіргі уақытта жүйеде 172 283 шешім тіркелген.
Оның ішінде 16 109 адам органдарын посмерттік донорлыққа беру келісімін білдірген. Тағы 156 174 азамат бас тартуын көрсеткен.
Ситказиновтың айтуынша, орган донорлығы мәселесі қоғамның сенімі мен хабардарлығын талап етеді. Орталық БАҚ, қоғамдық ұйымдар және діни бірлестіктермен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.