8 шілдеде «Тасқала» бекетінде инспекторлар Оралдан Саратовқа 100 кг үйрек етін тасымалдаған жүк көлігін тексерді. Жүкке құжаттар болмады.
Келесі күні «Сырым» бекетінде Тульск облысынан Оралға 17,6 тонна ірімшік тасымалдаған фура тоқтатылды. Ветеринариялық ілеспе құжаттар да болмады.
Екі көлік те қайтарылды. Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша хаттамалар толтырылды және айыппұлдар салынды. Тасымалдаушыларға ЕАЭО-да ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану ережелері ескертілді.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 170 ұқсас бұзушылық тіркелді. Әрбір көлік құралы жөнелту аумағына қайтарылды.