Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ақылбек Мұхаддас тексерулер нәтижесінде 28 пайдаланылмаған учаскенің иелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілгенін хабарлады.
Жер салығының он еселенген ставкасын қолдану бюджетке 7,9 млн теңге әкелді.
Учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару
2026 жылы сот шешімдері бойынша жалпы ауданы 148 гектар болатын 43 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Тағы 26 учаске бойынша сот талқылаулары жалғасуда.
Соңғы үш жылда мемлекет меншігіне 428,6 гектар аумақтағы 302 пайдаланылмаған учаске қайтарылды.