Жаңалықтар

Қазақстанда 1613 адам бетін жапқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі 1613 азаматтың бетін жауып жүрген киім кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

23 маусым 2026 · 04:24·Оқу: 1 мин

Қазақстанда 1613 адам бетін жапқаны үшін жауапкершілікке тартылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·23 маусым 2026

Талап «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңда бекітілген және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты.

Шектеу қолайсыз ауа райында, медициналық көрсеткіштер бойынша, қызметтік міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларда қолданылмайды.

ӘҚБтК-нің 434-3-бабы бойынша бірінші рет бұзғаны үшін ескерту жасалады. Жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Норма 2025 жылы күшіне енді.

Пікірлер