Даурен Қосанов цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, сондай-ақ автоматтандырылған басқару жүйелерін дамыту және қорғаныс ведомствосының цифрлық инфрақұрылымы туралы айтты.
Министр бөлек «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық туралы хабарлады. Оқу-жаттығулар әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қосанов Голан биіктіктеріндегі екінші ұлттық контингенттің миссиясының аяқталуы және үшінші контингенттің ротациясы туралы хабардар етті. Қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қосқан үлесі жоғары халықаралық бағалауға ие болды.
Кездесуде жастармен тәрбие жұмысына ерекше назар аударылды. Бурабайда 2026 жылғы 21-27 маусым аралығында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Мемлекет басшысы қорғаныс министріне әскерлердің жауынгерлік дайындығын нығайту, әскери дайындықты жетілдіру және армияның цифрлық трансформациясы бойынша міндеттер қойды.