СҚО ТЖД мәліметтері бойынша, өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнына 14 өрт сөндіруші және алты техника бірлігі шықты. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді, оқиғаның себебі анықталуда.
Зауыттың 51 жастағы операторы зардап шекті. Оны жедел жәрдем көлігімен травмпунктке жеткізді. Ер адамның айтуынша, госпитализациядан бір сағат бұрын битумды қыздыруға қолданылатын техникалық май жарылып кеткен.
СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасында науқастың дене бетінің 95%-ында 2-3 АБ дәрежелі термиялық күйік және үшінші дәрежелі күйік шокы диагнозы қойылғанын хабарлады. Ер адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ол реанимация бөлімінде жатыр.