Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі Айгүл Сайлыбаеваны қинау ісі бойынша күдіктілерді халықаралық іздеуге жариялады

Талдықорған полиция басқармасы Айгүл Сайлыбаеваны қинау ісі бойынша ҚК 110-бабының 2-бөлігімен қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот күдіктілерді сырттай қамауға алды және оларды халықаралық іздеуге жариялады.

17 маусым 2026 · 07:50·Оқу: 2 мин

Ішкі істер министрлігі Айгүл Сайлыбаеваны қинау ісі бойынша күдіктілерді халықаралық іздеуге жариялады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 маусым 2026

ІІМ баспасөз қызметінде нақтылағандай, қинау тек шетелде ғана емес, отбасы бұрын тұрған Талдықорғанда да болған.

Айгүл Сайлыбаеваның өлтірілуі туралы қылмыстық істі неміс құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Онда қаза болған әйелдің кайын енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған, оған қамауға алу ордері шығарылған.

Дармштадттың бас прокурорының айтуынша, іс бойынша әзірге ешкім ұсталмаған. Күдіктілер Александр және Наталья Донцовтар ерікте жүрген.

Айгүл Сайлыбаева 2024 жылдың жазында Германияда жоғалып кеткен. Мәйіті Бенсхайм маңынан табылған. Іс материалдарын ресейлік тарапқа беруді жоспарлап отыр, себебі Наталья Донцова Мәскеуде тұрады, ал оның ұлы Александр Экономика жоғары мектебінде жұмыс істейді.

2026 жылдың наурызында Александр Донцов жұбайының өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Пікірлер