Жоспардан тыс тексеру жерге мұнай құрамды сұйықтықтың төгілуін анықтады, бұл топырақтың ластануына әкелді. Тексеру № 56 ұңғымасындағы апаттан кейін өткізілді.
Материалдар полицияға берілді, алайда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Іс әкімшілік жаза қолдану үшін экология департаментіне қайтарылды.
Компания ластану фактісін мойындады. 4,3 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл қысқартылған өндіріс тәртібімен салынды және өндірілді.