Бұған дейін интернетте осы лауазымды тұлғаның ҚНБ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері тарапынан ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған. Хабарламаларға сәйкес, оны пара алды деп күдіктенеді.
Kazinform сұранысына жауап ретінде ҚНБ-да тергеу шынымен жүргізіліп жатқаны айтылды. Іс бойынша басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Бұрынғы жанжал
2024 жылы компания назар орталығында болған. Әлеуметтік желілерде «Іле Су» ШЖҚ КМК басшылығының «өлі жандарға» жалақы есептегені туралы пост жарияланған. Алматы облысы әкімдігінің аудиті фактілерді растады: бюджет қаражаты жалған тұлғалардың шоттарына аударылып, мақсатсыз пайдаланылған.