Келісім Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жасалды. Қаулыға премьер-министр қол қойды. Жалпы жеке инвестициялар көлемі 179,5 млрд теңгені құрайды.
Жоба 2030 жылға дейін есептелген. Алғашқы 50 нысан осы жылы пайда болады. Станциялар халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар бойындағы демалыс алаңдарында орналастырылады.
Әрбір кешен көпфункционалды етіп жасалады: онда санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, сауда және қызмет көрсету нүктелері, электр зарядтау станциялары және күн энергиясы қондырғылары болады. Аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылады.
Жобаны іске асыру жол бойы сервисі нысандарының желісін кеңейтуге және электромобильдер үшін инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Құрылыс аясында 2 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервистік нысан жұмыс істейді.