Құжат елде стратегиялық цифрлық майнинг тәртібін айқындайды.
Жобада энергия ресурстарымен қамтамасыз ету ерекшеліктерін қоса алғанда, мұндай қызметті жүргізу шарттары жазылған. Сондай-ақ стратегиялық майнинг қатысушылары алған цифрлық активтердің бір бөлігінен Ұлттық стратегиялық крипторезервті қалыптастыру тетіктері қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстанда цифрлық майнингті есепке алу және салық салу бойынша нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленген.