Үкімет басшысы бұл туралы Президенттің Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында айтқанын еске салды. Бектеновтың сөзінше, міндетті шешу құралдары бар, ал барлық шараларды Ұлттық банкпен келісіп алу қажет.
Премьер-министр сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларын макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін орындауды қатаң бақылауды міндеттеді.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылға инфляция болжамының төмендетілгені туралы хабарлады.