Жұмыс барысында 20 реактор, 213 ыдыс, 32 колонна және 231 жылу алмастырғыш тексеріліп, сараптама жасалды. Мамандар құбыр желілерінің учаскелерін жаңартты және бірнеше қондырғыларда 335 тоннадан астам катализаторды ауыстырды.
ЭЛОУ АВТ-3 қондырғысының вакуумдық колоннасы жаңа ішкі құрылғылармен жабдықталды. Бұл автобензин, дизель отыны және авиациялық отын өндірісін арттыруы тиіс.
Жөндеуге шамамен 1700 адам және 50-ден астам техника бірлігі тартылды. 8 шілдеде зауыт бірінші мұнайды қабылдап, жабдықтарды кезең-кезеңімен іске қосуды бастады.
Кәсіпорында қосымша резервтік энергия көзін құру мақсатында сыртқы энергетикалық инфрақұрылымды қайта құру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар үш жылдық жөндеуаралық циклге көшу жобасы іске асырылуда.